© Источник: inform.kz
2022 жылдың 1 желтоқсанында жылдағыдай ҚР Тұңғыш Президенті күні аталып өтпейді. Бұған дейін Тәуелсіздік күні 16-17 желтоқсанда тойланса, биылдан бастап тек 16 желтоқсан күні ғана мереке ретінде белгіленген.
Осы ретте еліміздің азаматтары Тәуелсіздік күніне орай тек 16 желтоқсанда ғана демалып, 17 желтоқсан жұмыс күні ретінде жалғасады. Бұрын аталған күндер апта ортасына сәйкес келсе, демалыс болып, жұмыс күні жексенбі күндеріне ауыстырылатын. Биыл ондай өзгертулер болмайды.
Қазақстандықтар қай күні демалады?
Бес күндік жұмыс күні бекітілген мекемелер 2022 жылы 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалысқа шығады. Ал 6 күндік жұмыс кестесіндегі еңбек ұжымдары тек 16 желтоқсанда демалып, 17 күні жұмысқа шығады. Ал 18 желтоқсан сәйкесінше демалыс болып есептеледі.