Жаңаөзенде «Адай елінің табақ тарту дәстүрі» атты кітап жарық көрді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Korkem Alem» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа кітап Амал мерекесіне орай жаңаөзендік «Korkem Alem» компаниясының бастамасымен жарық көрді. Көпшілікке жаңа еңбек таныстырылп, мақсат-мұраты түсіндірілді. Кітапты шығарудағы мақсат – бабаларымыздың дәстүрлі жолымен ұрпақтан ұрпаққа келе жатқан табақ тарту рәсімін жастар арасында насихаттау болып отыр. Дәстүрдің нақты әрі дұрыс жолын анық етіп жеткізуге бағытталған.
Кітапша әзірге 500 дана тиражбен жарық көрді. Алдағы уақытта осы бағытта көлемді еңбек шығару көзделген.