Ақтау қаласындағы Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының темір қоршауын алу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұмыстар Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновтің тапсырмасы аясында жүргізіліп жатыр.
- Бір ай бұрын әлеуметтік желіде 8 шағынаудан тұрғындары көлік тұрағының жоқтығы бойынша наразылық білдірген. Бүгін қала әкімінің тапсырмасы бойынша театр артындағы темір қоршау алынып, аталған аумақта жалпы қолданыстағы көлік тұрағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жұмыстарды 4-5 күн көлемінде аяқтау жоспарланып отыр, - деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Жалғас Мейилов.
Қала әкімі қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде қоршауға қатысты ойымен бөліскен еді. Соған байланысты қала аумағын ұлғайту мақсатында Абай атындағы мәдениет үйі және қалалық әкімдік ғимаратының қоршауына демонтаж жұмыстары жүргізілді.