12 қаңтар күні ақтаулық оқушылар үйден, яғни қашықтықтан оқитын болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қалалық білім бөлімінің хабарлауынша, бұл ауа райы жағдайының нашарлауына – қатты аяз бен желге байланысты мәжбүрлі шара. Сондай-ақ, Ақтау қаласының кейбір шағын аудандарындағы жылу желілерінің екпіні де себеп болып отыр. Қабылданған шара әзірге тек бір күнге, яғни 12 қаңтар күніне ғана.