Түпқараған ауданындағы Сайын Шапағатов елдімекенінде көрнекті қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының туғанына 130 жыл мерейтойына орай жасөспірімдер арасында көкпар және аударыспақтан Манғыстау облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды mangsytaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Жарысқа облыстың түкпір-түкпірінен жиналған 70-ге жуық спортшы бақ сынады. Ашылу салтанатына облыстық спорт басқармасы басшысының орынбасары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша көкпардан 1-орынды Мұнайлы ауданы, 2-орынды Түпқараған ауданы алды, ал 3-орын Жаңаөзен қаласының спортшыларына бұйырды.
Ал, аударыспақтан 42 келіде ойын көрсеткен мұнайлылық Мейіржан Жеңісбекұлы І орын, түпқарағандық Темірлан Ибрайым ІІ орын, жаңаөзендік Досбол Ерғазы ІІІ орын иеленді.
48 келі бойынша қарақиялық Рамазан Аманқос І орын, бейнеулік Еміл Қолдасбаев ІІ орын, мұнайлылық Жандаулет Әкімжан ІІІ орын алды.
54 келіде ойын көрсеткен жаңаөзендік Серғазы Базарбай І орын, мұнайлылық Бақдаулет Әкімжан ІІ орын, түпқарағандық Оспан Сағынбекке ІІІ орын бұйырды.
59 келі бойынша қарақиялық Айбек Ораз І орын, мұнайлылық Алмас Берікұлы ІІ орын, қарақиялық Сағыныш Алдаберген ІІІ орын иеленді.
65 келіде өнер көрсеткен жаңаөзендік Сәдуақас Аманхан І орын, қарақиялық Әлфараби Теңізбаев ІІ орын алды.
71 келі бойынша мұнайлылық Оразмағанбет Данабаев І орын, қарақиялық Амалбек Бағдабаев ІІ орын, жаңаөзендік Асқар Бердібай ІІІ орын иеленді.
+77келі бойынша түпқарағандық Бекарыс Қонысбай І орын және Ақанбек Киікбай ІІ орын алды.
Облыс бойынша ат спорт түрлерімен 200-ге жуық спортшы айналысады. Айта кету керек, қараша айында көкпар және аударыспақтан облыс біріншілігі жастар арасында өткен болатын.