16 желтоқсан - ҚР Тәуелсіздік күніне орай Ақтауда байкерлердің қатысуымен мотокросс жарысы өтті, деп хабарлайды mangsytaumedia.kz.
Жарысқа тек Маңғыстау байкерлері ғана емес, еліміздің басқа өңірлерінен де қатысты.
Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айбек Имашев қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 және 2 орынды қостанайлықтар Саркисов Роман мен Кочерга Грегорий алса, 3 орынды ақтөбелік Бондаренко Дмитрий алды. Ал, командалық есепте Қостанайдан келген спортшылар басым болды. Екінші орында – Ақтау, үшінші орында Ақтөбе облысы.
Естеріңізге сала кетейік, Ақтауда 2022 жылдың 1 мамырында мототрек ашылды. Ол трамплиндермен және тік бұрылыстармен жабдықталған, ұзындығы 1,5 шақырым. Сондай-ақ, мотоцикл аумағында дәретхана, беседка, көрермендер алаңы және бастапқы мәре бар. Мототрек "ҚазАзот" АҚ ғимаратына қарама-қарсы орналасқан.