Бүгін ҚР Парламент Сенатының депутаттары Сүйіндік Алдашев мен Бекбол Орынбасаров Түпқараған ауданына іссапармен келіп, бірқатар нысанды аралады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдымен Қызылөзен ауылындағы жүргізіліп жатқан су құбырының құрылыс жұмыстарын қадағалады. Мердігер мекеме —«Арай-НС» ЖШС.
Кейін Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласында теңіз суын тұщыту арқылы өнімділігі тәулігіне 5000 м3 су тазарту станциясының құрылысымен танысты.
Аталған жобаның мердігер мекемесі— «Толағай-2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Жоба аяқталғаннан кейін Форт-Шевченко қаласына іргелес Баутин, Аташ елді мекендерін де сумен қамту жоспарланып отыр.