Ақтауда тоғызқұмалақтан Маңғыстау облысының ерлер арасындағы командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспастемз қызметіне сілле жасап.
Маңғыстау облысында тоғызқұмалақтан ерлер арасында облыстық командалық чемпионатында Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен Қарақия,Маңғыстау, Мұнайлы ауданынан 30 спортшы бақды сынп, өзараны мықтаны.
Чемпионат барысында МО дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айбек Имашев өңірдің құрамасына нағыз мықтылардың іріктелуіне сәттілік тіледі. Командалық чемпионаттың қорытындысы бойынша 1 орын Жаңаөзен қаласының құрамасына бұйырды. 2 орынды Мұнайлы ауданының құрамасы тұрақтаса, 3 орынға Ақтау қаласының құрамасы ие болды.
Маңғыстау облысы тоғызқұмалақ федерациясының басшысы Гаухар Жакиеваның айтуынша, облыстық чемпионат аясында ақпан айында тоғызқұмалақтан ерлер арасында Көкшетау қаласында өтетін командалық ҚР чемпионатына қатысатын облыс құрамасы іріктелгенін атап өтті.