Бейнеу барлаушылары Ж.Қалдығараев атындағы лицейі мен А. Құнанбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің оқушыларына «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау гарнизоның басспасөз қызметіне сіле жас.
Мақсаты - жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, олардың бойында патриоттық сезімді ояту және әскери қызметті насихаттау.
«Ашық есік күні» жоспары бойынша оқушылар назарына сардаздардың үй – жайымен, барлау бөлімшелеріне арналған киім үлгілері, атыс қарау – жарағы және әскери техникары көрсетілді. Оқушыларға ұсынылған киім үлгілерімен қарау-жарақ пен әскери техникиларды әскери бөлімнің сержанттары мен офицерлері нақты түсіндіріп көрсетті.
Әскери бөлімге оқушылардың алғаш рет келіп отырған ескере келіп, бірінші кезекте күнделікті әскери қызметтің бір күнімен таныстырылды. Бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор Болатгерей Шекеев оқушыларға сарбаздардың күнделікті әскери қызметтегі өмірімен, сабақ кестесін толықтай таныстырды.
-Өткізілген іс-шараның мақсаты жергілікті жерлердегі орта білім беру мектептері оқушыларымен тығыз жұмыс жасау, оларға еліміздегі әскери қызметтің қыр-сырымен таныстыру, бойларында өз туған жерінің патриоты бол, сынды қасиеттерді сіңіру және де әскеріміздің күш қуатымен таныстыру арқылы әскери бөлімнің имиджін көтеру болды. Жас өрендерімізді осы бастан өз Отанын қастерлеп, құрметтеуге жетелейтін, өнегелі тәлім-тәрбие беретін, еліміздің болашағы жолындағы іс-шараларды ұйымдастырып өткізу біздің басты мақсатымыз болып қала бермек, - деді майор Болатгерей Шекеев.
- Осындай қаруы сақадай сай әскери бөлім барына мен шыны керек танғалып тұрмын. Бөлімнің басшылық құрамына алдағы уақытта қызметтеріне сәттілік тілеймін, еліміздің берік қалқаны болған әскери қызметшілеріміз жасай берсін, – деді Абай Құнанбаев атындағы қазақ орта мектебінің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Асқар Бақытұлы.
Шара соңында ашық есік күніне қатысқан оқушылар әскери бөлім басшылығына және іс-шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.