Қазақстанда рейс кешіктірілсе, билет ақшасын кері қайтару мүмкіндігі қарастырылуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz arbat.media-ға сілтеме жасап.
"Бұл жоба аясында рейс бес сағаттан артық кешіктірілген жағдайда ақшаны кері қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылған", - деп жауап берді азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.
Жолаушылар рейстің кешігуі әуе компаниясының кінәсінен орын алған жағдайда ғана ақшаны кері қайтара алады. Қазіргі таңда жолаушыларға рейсті күту мерзімі 10 сағатты құраған жағдайда ғана билет құны кері қайтарылады. ААК қолданыстағы заңнамада әуе компанияларын ұшақты кешіктірген әрбір сағат үшін билет құнының 3% -н қайтаруға міндеттейтін норма бар екенін атап өтті. Бірақ әуе компаниялары көбіне өтемақы төлеуден бас тартады. Сондықтан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айыппұл төлемегені үшін әуе тасымалдаушыларынан сұранысты күшейтуді жоспарлап отыр.