© Фото: КазТАГ
Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлағандай, енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу нәтижесінде кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді баспа өз есебінен ауыстыруға міндетті, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
«Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптардың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз», – дейді орталық басшысы Елдос Нұрланов.