© Фото: otyrar.kz
Биыл 7-9 ақпан аралығында республика көлемінде «Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шара аясында Мұнайлыда төмендегідей алаяқтық дерегі анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Былтыр 4 желтоқсан күні жеке басы толық анықталмаған Б. есімді азамат пайдакүнемдік ниетпен бөтеннің мүлкін сеніміне кіріп алдап алу мақсатында жәбірленуші С. есімді азаматтың 4 632 000 теңге ақшасын алдап алған. Ол жәбірленушіге арзан бағаға Мұнайлы ауданы Батыр ауылы аумағында орналасқан №17 шеп бекетінің жанында 2 гектар жер телімін 2 000 000 тенгеге және Мұнайлы ауданы, Атамекен ауылы, «Алтын фуд» сауда үйіне қарама-қарсы тас жол бойының келесі бөлігінде ені 7 метр, ұзындығы 14 метр болатын жер телімін 1 550 000 теңгеге және 700 000 теңгеге оның артқы бөлігін қоса сатып алып беремін деп уәде етіп, кейін сөзінен жалтарып, сан соқтырған.
Нәтижесінде, C. есімді азаматқа 5 млн теңгене жуық теңге материалдық шығын келтірген.
Аталған дерек бойынша күдікті ҚР азаматы Атырау облысы, Мақат ауданының 30 жасар Б. есімді азаматы ұсталып, мойындау жауабы алынды.