Маңғыстау облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты мектеп пен колледждерде 11 желтоқсан күнгі сабақ онлайн форматында өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысының білім басқармасына сілтеме жасап.
Білім беру мекемелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Мектепке дейінгі ұйымдар күнделікті режимде жұмыс істейді. Өзгерістер қосымша хабарланатын болады, делінген басқарма таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, 11 желтоқсанда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында 15-20 м/с күтіледі.