Ақтау қаласы полиция басқармасы “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы кешенінде Маңғыстау облысы ПД жеке құрамы арасында самбо күресінен іріктеу кезеңі өткізілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық ПД сілтеме жасап.
Департамент бастығы полиция генерал-майоры Аян Дуйсембаев алғысөз бастап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Жарыс анық, нақты және әділ өтуі тиіс, - деп атап өтті ведомство бастығы.
Жарыста барлығы жеті салмақ дәрежесі бойынша 50-ге жуық қызметкер бақ сынады.
Барлық жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлері полиция департаментінің бастығы Аян Сабитұлының атынан табысталған диплом, медальдармен марапатталды.
Үздік спортшылар қазан айында Маңғыстау облысында өткізілетін республикалық сайыста өңір намысын қорғамақ. Қазіргі таңда чемпионатқа қатаң дайындық жүруде.