Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Кеше түнде 1989 жылы туған науқас қайтыс болды,-деді МОБ баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, ауруханаға келіп түскен науқасқа бас, бет және мойынның термиялық күйігі диагнозы қойылған. Қолының білектерін 15 пайызын күйік шалған.
1981 жылғы зардап шегуші бас миының жарақаты, оң жіліншіктің 3 дәрежелі термиялық күйіктері, оң иықтың күйігі диагнозымен түсті. Науқастың хәлі ауыр күйде.
Естеріңізге сала кетейік, 7 қаңтар күні 21:00 шамасында "BG Group" көлік компаниясы орналасқан Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық округінде жанар-жағармай цистернасы жарылысы кейін жануы орын алды. Жарылыс салдарынан 2 адам зардап шекті.