17 желтоқсанда еліміздің 8 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қазгидрометке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман мен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында соғатын жел екпіні – 15м/с.
Ақтауда да тұман мен көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, солтүстік бағытта ауысады. Екпіні – 15 м/с.