Жыл басында Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау фактісі бойынша жедел ақпарат келіп түсті. 4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақшалай қаражат алған 35 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Сондай-ақ, полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады. Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.
Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы ПД-де ҚР ҚК 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерден мойындау жауаптары алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.