Өткен жылдың қараша айында 27 ықшамаудан тұрғындары пәтерлеріне жылу берудегі мәселеге тап болған.
Бұл үйлерді тексеруге «КЖСА» МКК мамандары шығып, кейін жылу қызметтерін қайта есептеуге уәде берілген.
-Қараша айына жылу беру қызметтерін қайта есептеу неге әлі жүргізілмеген? Желтоқсан айында төлемдер өзгеріссіз келді, - деп жазады тұрғындар.
«Каспий жылу, су арнасы» МКҚК директорының орынбасары Ислям Үсеновтің айтуынша, қайта есептеу тек тексеруден кейін тиісті акт жасалған үйлерге ғана жасалады.
«Біз комиссия барған және жылумен қамтамасыз етілмегендігі туралы актісі бар барлық үйлерге қызметтерді қайта есептеу жүргіземіз», - деп атап өтті Ислям Үсенов.
Естеріңізге сала кетейік, коммуналдық төлемдерді қайта есептеу тек коммуналдық қызмет көрсетуші мен коммуналдық қызметті тұтынушы қол қойған акт негізінде жүзеге асырылады.