Қарақия ауданының 50 жылдығы аясында, «Құланды - Жаңаөзен - Құланды» тұрақты автобус маршруты 2 қыркүйектен бастап іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аталған маршрутта жол жүру құны ересектер үшін – 150 теңге болса, балалар үшін – 70 теңге, ал 6 жасқа дейінгі балалар үшін – тегін.
Ауыл әкімінің айтуынша, тұрғындар үшін Жаңаөзен қаласынан 6 нүкте мен Құланды ауылында тұрғындарға қолайлы, арнайы аялдау бекеттері белгіленген. Сонымен қатар, жаңа қоғамдық көлікке ауыл тұрғындары алғыс айтып, ризашылық білдіріп жатқанын жеткізді.
- Осы керемет бастама ауданымыздың 50 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Көптен айтылып келе жатқан мәселеміздің оң шешімін тауып пайдалануға беріліп жатқаны көңіл қуантады. Ауданымыз өсіп өркендей берсін. Елдің игілігіне жарасын, - дейді ауыл тұрғындары.
Айта кетейік, автобус тұрақты түрде 08.00-19.00 аралығында жүретін болады.