Еліміздің барлық аумағына 5-ші сағат белдеуін қолдану бойынша кеңеске ҚР Авиация әкімшілігі, «Қазаэронавигация» РМК-ның, Қазақстан Республикасы әуежайлары - «Эйр Астана» отандық әуе компанияларының өкілдігі, FlyArystan, SCAT, Qazaq Air, Turkish Airlines, FlyDubai және басқа да шетелдік тасымалдаушылар қатысты.
Әуе компаниялары мен әуежайларға жолаушыларды уақтылы хабардар ету және билеттерді брондау мен сатудың тиісті жүйелерін жаңарту бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
-Осыған байланысты Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Тараз, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Өскемен, Семей, Талдықорған және Жезқазған қалаларына рейстерге билет сатып алған жолаушылар 1 наурызда (метрополитен уақыты) Call-орталықтар мен авиакомпаниялардан, сондай-ақ әуежайдың ақпараттық қызметтерінде ағымдағы ұшу кестесін нақтылау қажет, - делінген ведомство хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы қаулысына сәйкес 5-ші сағаттық белдеу Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 29 ақпаннан наурызға қараған түннен бастап қолданылады.