Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға ресми сапармен барды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алған. Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді деп күтіліп отыр.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған. Сондай-ақ Президент қазақ-қатар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізбек.