Қарақиялық жас балуандар Ақтау қаласында қазақ күресінен өткен өңір спортшыларының чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды mangystaaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Сайыс 2006-2007 жылы туған және 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті. Қарақия ауданының спортшылары кіл мықтылар белдескен додада бақ сынап 2 алтын, 3 күміс, 2 қола иеленді.
Атап айтсақ, 2006-2007 ж.т спортшылары арасында 44 келіде Рашид Ақбаян І орынды, 70 келіде Жанарыс Төлесін ІІ орынды иеленді.
Сонымен қатар, 2008-2009 ж.т балуандар арасында 38 келіде Дулат Құлбош І орын, Аян Абдрахман ІІ орын, 42 келі салмақ дәрежесінде Ернар Ержанов ІІ орын, 46 келі салмақ бойынша Нұрасыл Баймағамбетов ІІІ орын, 65 келі бойынша Смадияр Жұмағали ІІІ орын алды.
Айта кетейік, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алып өңір намысын қорғайтын болады.