Аудан әкімі Сымбат Төретаев, Құрық ауылында жүрмелі кеңес өткізіп, жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ауданның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан орталығы Құрық ауылындағы «Ынтымақ» алаңын абаттандыруға қаражат бөлінген болатын. Конкурс нәтижесіне сәйкес, мердігер мекеме анықталып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда аудан басшысы сапалы, әрі уақытылы жасауды жеткізді.
Сонымен қатар, облыстық санаторлық мектеп интернатына дейінгі салынған жаяу жүргіншілер жолына қатысты бірқатар сын - ескертпе айтты. Техникалық сипаттамаға сәйкес мердігер мекеме өкілдеріне кемшіліктерді тез арада қалпына келтіруді және жаяу жүргіншілер үшін қолайлы болуын қамтамасыз етуді айтып өтті.
Одан әрі, жүрмелі кеңес ст. Ералы елді мекенінде жалғасты. Елді мекеннің келбетіне нұқсан келтіріп тұрған, тарихи қалдық қоқыстарды тазалау үшін келер 2024 жылы сметалық есеп жасап, бюджетке ұсынуды, сондай-ақ, ауылдағы саябақтың құрылыс жұмыстарын жеделдетіп жыл соңына дейін аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беруді, тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ескі жылыту қазандық ғимаратына қоршау жасау және ауыл ішіндегі жаяу жүргіншілерін жолын қалпына келтіруді немесе қайта салуды тапсырды.