Бас прокуратура тергеу әлі де жүріп жатқанын мәлім етті.
“Қаңтар оқиғасын тергеп-тексеру жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Сондықтан ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабына сай, ақпарат жарияланбайды. Осы оқиғаларға қатысы бар-жоғы туралы жеткілікті дәлелдер алынған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бүгінге дейін 1396 адам сотталды”- делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.