Екі күн бұрын елде 58 жағдай анықталған еді. Қазақстанда коронавирус ауруының төмендеуі жалғасуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 35 адам анықталған.
23 қаңтардағы жағдай бойынша 1837 адам (-1699+ және 138 КВИ-) КВИ емдеуді жалғастыруда, оның ішінде 139 науқас стационарда, 1698 науқас амбулаториялық емделуде.
КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде:
• жағдайы ауыр – 8 науқас,
• өте ауыр жағдайда - 5 науқас,
• жасанды тыныс алу аппаратында – 3 науқас