17 қараша күні Ақтаудың 25 шағынауданында төрт көлік жол апатына түсіп, бір адам қаза тапты. Сонымен бірге, төрт адам қатты зардап шекті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық аурухананың қабылдау бөліміне бес адам жеткізілген. Оның біреуі қайтыс болды. Ал екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді. Тағы екі адам травматология бөліміне жатқызылған.
- Зардап шеккендердің бірінің жамбас пен бұғанасы сынған. Оның жағдайы өте ауыр. Екіншісінің тобығы сынып, қазір дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі.