Қадірменді жерлестер,
Еліміздің тарихындағы орасан зор мәні бар елеулі оқиғалардың бірі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының өтуіне санаулы күндер қалды. Ал, бұл жайдың болашаққа үмітпен қарайтын кез-келген қазақстандықты бей-жай қалдырмайтыны түсінікті.
Президенттікке кандидаттың талаптарына сәйкес келген еліміздің азаматтары тіркеліп, өздері ел алдына шығып кездесіп, бағдарламаларын таныстырып жатыр.
Мен, осы жылдың 5 қазанда Астана қаласында өткен «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектес тыс Х сьезіне Маңғыстау облысынан қатысқан екі делегаттың бірімін. Біздер, Қазақстанның барлық өңірлерінен келіп қатысқан жүзден астам ардагерлер, қоғамдық ұйым атынан өз кандидатымызды ұсындық.
Республикалық ардагерлер кеңесінің 55 мүшесінің бірі ретінде де, Бейнеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде де елдік шаруаға өз үлесімді қосып жүрмін.
Ел бас қосқан жиындарда жүреміз, кездесулерге қатысамыз, көпшіліктің ортасында азаматтардың пікірлеріне құлақ түреміз. Халық үніне құлақ аса бастаған мемлекетімізбен, Әділетті Қазақстаннан елдің күтер үміті көп.
Қадірменді Маңғыстаулықтар, өңіріміздегі сайлауды белсенділікпен өткізіп, биіктен көрінейік. «Жігітке мешкей деген, жақсы ат емес», деген ереуілдер мен наразылықтар Маңғыстаулықтардың еншісі емес. Елдігімізді көрсететін сәт келді. Әділетті Қазақстанды бірге құруға әрқайсысымыз өз үлесімізді қосайық. Сайлауға түгел қатысып, азаматтығымызды да танытып, өз таңдауларымызды жасайық ағайын!
Құрметпен, Бейнеу ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалі мемлекеттік наградаларының иегері, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері Жаңбыров Сұлтан Талпақұлы