Маңғыстау облыстық онкологиялық диспансерінде ашық есік күні өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz диспансердің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін жалғасқан қабылдауға 43 адам келді, оның 8-інде қатерлі ісік анықталды. Үш адамда қатерлі ісіктің белгілері бар екені көрсетілді.
12 адамның өзге әртүрлі дертке шалдыққаны анықталды.
Диспансерге келушілер онколог, маммолог, хирург, гинеколог дәрігерлеріне жүгініп, тегін кеңес алды. Сонымен қатар, УДЗ, КТ және маммографиялық аппараттар арқылы 98 зерттеу жүргізілді.
«Ашық есік» күндері алдағы уақытта да жалғасын табады.