timeanddate.com хабарлауынша күн тұтылуының максимальды фазасын Ақтау тұрғындары жергілікті уақытпен күндізгі сағат 18:21 –де бақылай алады, деп хабарлады mangystaumedia.kz.
Ақтаулықтар табиғи құбылысты 8 қараша күні арнайы құрылғыларсыз-ақ көру мүмкіндігіне ие болмақ. Мамандардың айтуынша, күннің сыртқы атмосферасын сәл қызыл және ақ түсті қоршаған тәжді байқауға да болады екен. Табиғи цикл 41 минут 37 секундқа созылады.