Ақтау қаласы іргесіндегі саяжайлардың бірінде тұратын Жандос Жұмабаев күнделікті жұмыс орнына жаяу жүгіріп баруды әдетке айналдырған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
6 қаңтар күні әлеуметтік желілерде жол бойымен жүгіріп бара жатқан жігіттің бейнежазбасы қолданушылар назарын бірден аударды. Бүгінде бейнеролик 300 мыңнан астам қаралым жинаған.
31 жастағы Жандос күнде 10 шақырымнан бастап 30 шақырымға дейінгі қашықтықты жүгіреді.
- Жұмыс орным мен үйімнің арасы 10 шақырым. Күнделікті жүгіріп барып қайтамын. Бұл - денсаулыққа өте пайдалы. Өскелең ұрпаққа да мотивация болады деген ойдамын. Бүгінде 4 баланың әкесімін, үш қызым, бір ұлым бар. Ұлым да спортпен шұғылданады, еркін күреске қатысады. Осы өміріме ризамын, шүкір,-дейді Жандос Жұмабаев.