Ақтау қаласының тұрғыны полицияға жеке мүлкін ұрлау туралы арызбен жүгінді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, беймәлім біреу қоймадан үш велосипедті, сондай-ақ фрезерлік станокты ұрлап кеткен.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бұл факт ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.