Жаңаөзен қаласында қайтарымсыз грант бойынша биыл бюджеттен барлығы 204 адамға қаражат қарастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Бизнес бастау кәсіпкерлік негіздерінде оқыту» электронды business.enbek.kz сайты арқылы 1100 адам сертификатқа иеленді. Соның ішінде қайтарымсыз грантқа 659 адам өтініш беріп, 204 адам (мал шаруашылығы, тігін өндірісі, кондитерлік өнімдер, баспахана сияқты салалар бойынша) 1 225 200 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болды.
-Қазіргі таңда 13 адам өз жеке кәсібін бастап, 8 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Қалған грант иелері өндіріске қажетті құрал-жабдықтарын күтуде. Бағдарлама қатысушыларының жұмысы және жоспардың толыққанды орындалысы бақылауда, - деді Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ұлбазар Орынбаева.
Грантқа ие болған адамдардың ішінде жастар санаты бойынша 109 адам және әлеуметтік осал топтар бойынша 95 адам бар.