Қостанайда Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған ҚР Құқық қорғау органдарының, Күштік және арнайы құрылымдарының қызметкерлері арасындағы президенттік көпсайыс аяқталды. Чемпионат "Динамо" дене шынықтыру-спорт қоғамының бағдарламасы және ІІМ ІХ ведомствоаралық спартакиадасы аясында өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Облыстық полиция департаменттері мен ҚР күштік және арнайы құрылымдарының командалары күш сынау, дәлдік пен ептілік бойынша жарысты. Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды: жауынгерлік қарудан ату, еркін жүзу, гранат лақтыру, қашықтыққа жүгіру.
Президенттік көпсайыс қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы полиция департаментінің қызметкерлері үздік үштікке енді. Олар Нұр-сұлтан және Қарағанды ПД командаларынан кейін 3-ші орын алды.
Жеке жарыстарда 35 жасқа дейінгі санат бойынша үшінші орындыСәбит Халбаев иеленді. Ал Мирболат Әубәкіров пен Ержан Әбдіраманов 40-45 жас аралығындағы жарыста екінші орын алды. Жеңімпаз атанған Маңғыстау полицейлерін әріптестері қарсы алып, құттықтады.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және арнайы грамоталармен марапатталды. Көпсайысты ұйымдастырушылар мұндай спорттық іс-шаралар еліміздің спорттық өміріне айтарлықтай әсер ететініне және жақсы дәстүрге айналатынына сенімді.