Биыл мамыр айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 42 600 теңге болды. Бұл былтырғыға қарағанда 19,6%-ға артық. Ең төменгі күнкөріс деңгейі соңғы бес жыл ішінде — 83,5%, он жыл ішінде 2,6 есе өсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
2021 жылғы мамырда көрсеткіш 35 600 теңге болған. Бұл — 2020 жылмен салыстырғанда 10,9%-ға артық.
ЕТК деңгейінің ең жоғары шамасы Маңғыстау облысында белгіленген — 50 200 теңге. Көшбасшы өңірлердің арасында Нұрсұлтан (46 900 теңге) және Алматы (45 400 теңге) қалалары бар.
Топ 5-тікке Шығыс Қазақстан (43 100 теңге) және Павлодар (42 600 теңге) облыстары кірді. Салыстырмалы түрде ең төменгі күнкөріс деңгейі Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелген.