Мұнайлы аудандық сотында С-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 288-бабы 4 бөлігімен, 287-бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сотта анықталғандай, С. Түпқараған ауданында жұмыс орнында жүріп, пышақ егейтін темір егеудің металынан екі дана пышақ, яғни өзі қолдан арнайы лақтырылатын суық қару жасап алған. Суық қаруды өзімен бірге алып жүру, сақтау заңсыз екенін біле тұра, өзінің жол сөмкесіне салып сақтаған. Маңғыстау темір жол вокзалы станциясында тексерістен өткізу кезінде темір жол вокзалы инспекторлары С-дан 2 дана пышақты заңсыз сақтағанын анықтаған.
Сот үкімімен С. ҚР ҚК-нің 288-бабы 4 бөлігімен, 287-бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 120 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген.