Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы ҚР жекелей чемпионатында Маңғыстау облысының құрамасы жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
20-30 маусым аралығында Талдықорған қаласында тоғызқұмалақтан 9, 11, 13 жас ұлдар мен қыздар арасында классика, рапид және блиц бойынша чемпионаты өтті.
Чемпионатқа ел көлемі бойынша 300-ден аса спортшы қатысқан. Маңғыстау облысының атынан аттанған 17 жасөспірім чемпионат нәтижесі бойынша жеңімпаз атанды.
Классика бойынша жекелей есепте 13 жас ұлдар арасында Жаңаөзендік спортшы Мирас Наурызбай 1 орынды иеленді.
Рапид бойынша жекелей есепте 11 жастағы ұлдар арасынан Ақтаулық жасөспірім Оразбай Жантілек және 9 жас қыздар арасынан Оразбай Жансезім үшінші орынды иеленді.
Блиц бойынша жекелей есепте 11 жасар Абылай Бекишов 1 орынды, Альбина Сәрсенбай 2 орынды, Қаламқас Сәрсенбаева 3 және Жансезім Оразбай 3 орынды иеленді.
Барлығы 3 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль есебімен Маңғыстау құрамасы І орынға шықты.