Маңғыстауға 25-26 шілде күні танымал имам, теолог Нұрлан Асанов келеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нұрлан Асанов 2 күн бойы маңғыстаулық жастардың діни сауаттылығын арттыру бойынша кездесулер өткізеді.
Кездесу 25 шілде Маңғыстау ауданына қарасты Шетпе ауылындағы аудандық мәдениет үйінде сағат 17:00-де өтеді.
Ал 26 шілде күні Түпқараған ауданына қарасты Форт-Шевченко қаласындағы аудандық мәдениет үйінде 10:00-де болады.
Сонымен қатар 26 шілде күні Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылындағы Құрық орта мектеп гимназиясында сағат 17:00-де өтеді.
Аталған кездесулер Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен және «Қолдау» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен өтеді.