Атырау облысында жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82 шақырым тұсында маркасы Chevrolet Cobalt автокөлігі қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.
Соққы салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.
"Жол апатының арты ауыр зардаптарға әкеп соқтырады. Өзіңіздің және өзгенің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарамаңыз! Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды - деді Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.