Оқу-ағарту министрлігінің Білім сапасын қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, қазіргі қоғамның ең өткір мәселелерінің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы автоагрессивті мінез-құлық пен суицид мәселесі, деп хабарлайды mangystaumedia. kz tengrinews.kz-ке сілтеме беріп.
Республикада балалар ортасындағы бұл құбылыстың жиілігі тұрақты түрде жоғары: 2020 жылы – 144 (әрекет – 307), 2021 – 175 (373), 2022 – 155 (309).
«Өңірлер бойынша суицидтің жоғары өсімі Жамбыл облысында – 3-тен 13-ке дейін, Солтүстік Қазақстанда 2-ден 5-ке дейін, Қостанайда 6-дан 8-ге дейін, Алматыда 12-ден 16 ға дейін өсті.Түркістан облысында суицидтің жоғары деңгейі сақталып отыр, мұнда 36 оқиға тіркелді. Дәл осы өңірде өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері 30-дан 46-ға дейін өскен. Дәл осындай жағдай Ақтөбеде – 16-дан 21-ге дейін, ал Атырау облыстарында – 8-ден 14-ке дейін тіркелді», - делінген комитет хабарламасында.