Қазан айында зейнетақы алатын мүгедектерге арнайы жәрдемақы тағайындалды. Сондай-ақ тағы жеті төлемді ресімдеу мерзімі қысқартылды.
Қазақстанда бірқатар жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалады. Ол үшін өтініш жазудың қажеті жоқ. Бұл азаматтардың ǝлеуметтiк кепілдіктерін проактивті форматта қамтамасыз ететін «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады.
Бүгінгі таңда әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтердің 50 түрінің 48-ін электронды форматта, 29-ын проактивті түрде ресімдеуге болады. Олардың ішінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалатын жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер де бар. Жыл басынан бері барлығы бір миллионнан астам қызмет автоматты түрде берілді.
Қазан айында бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектерге арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Бұған дейін көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, мүгедектігі барларға төленетін әлеуметтік төлем және жерлеуге біржолғы төлем тағайындау процесі толығымен автоматтандырылған болатын.
Сонымен қатар МӘСҚ-дан бірден үш жәрдемақы мен төрт әлеуметтік төлем тағайындау ісі жеделдеді.
Жәрдемақылар:
Әлеуметтік төлемдер:
Бұрын бұл төлемдерді тағайындауға сегіз жұмыс күні берілетін, ал қазір шешім төрт жұмыс күнінде шығарылады.
Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді оңтайландыру халықтың әлеуметтік жағдайына ғана емес мемлекеттің бюджетіне де оң әсерін тигізді. Осылайша 2023 жылы 360 млн теңгеден астам қаржы үнемделді.
Маңғыстау облысы бойынша
Қор филиалының директоры У.Уркумбаев