БҚО-да су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты МО Төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы көмек көрсетіп жүр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Олар Бөрілі ауданындағы Пугачева ауылы, Астана көшесінде тұратын алты адамды қауіпсіз жерге көшірді.
«Сонымен қатар, төтеншеліктер осы ауылдағы су басу қаупінің алдын алу мақсатында Астана көшесіне 2 000 дана қапқа құм толтырып, бөгет жасау жұмысын атқарды. Барлығы 32 жеке құрам, 3 техника (1-ПНС, 2-Вахтовка) жұмылдырылды», деп хабарлады МО ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы су басқан аудандарға да көмек көрсетіп жатыр.