Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 13 403 шетелдік азамат жұмыс істейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жұмысқа тартылған шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарына тиесілі – тиісінше 7199 және 883 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 391 адам, корпоративтік ауыстыруға 1399 адам тартылды.
Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1640 жұмыс беруші бар. Онда 409 мыңнан астам адам еңбек етеді. Қазақстан азаматтары, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96% құрайды.
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 494 адам (41%); тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 455 адам (11%); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 995 адам (8% ); өңдеу өнеркәсібі – 889 адам (7%); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 641 адам (5%).
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 411 адам, Үндістан – 1 685 адам, Түркия – 1 523 адам, Ұлыбритания – 1 073 адам, Өзбекстан – 769 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Еңбекмині ШЖК тартуға арналған квота 22 226 бірлік (0,24%) белгіленді.