Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Масс-медиа туралы" заң жобасын және оның тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме бере отырып.
Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
Құжатта сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенiмдерiн баспа арқылы және өзге де нысанда бiлдiруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдiспен алуға және таратуға Қазақстан Республикасының Конституциясында кепiлдiк берiлгені назарға алынған.
Мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария eтуге, экстремизмді немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға, терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңінде олардың техникалық тәсiлдерi мен тактикасын ашатын ақпаратты таратуға, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды, жарылғыш заттар мен қолдан жасалған құрылғылар, сондай-ақ қатыгездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға тыйым салынады, – деп жазылған заң жобасында.
Заң жобасы мен тұжырымдама 27 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.