Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың белгілі ғалым, „Қазақ газеттері“ ЖШС Бас директоры Диқан Қамзабекұлына берген кең көлемді сұхбаты "Egemen Qazaqstan" газетінде жарияланады», — делінген Берік Уәлидің желідегі жазбасында.
Сұхбатта еліміздің ішкі-сыртқы саясатына қатысты мәселелер, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қаңтар қасіреті, қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық, АЭС құрылысы секілді өзекті тақырыптар қозғалады.
Сондай-ақ Президенттің жеке өзіне қатысты да кейбір мәселелер айтылады.