Бiр жылда әуе көлігімен сапарлау құны 17 пайызға қымбаттаған. Екі өңірде билет бағасы 50 пайыздан астам деңгейде өсті, деп хабарлайды mangsytaumedia.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
«2022 жылғы жетоқсан айының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жолаушылар тасымалы қызметінің құны жыл ішінде 16,8 пайызға өсті», - делінген Energyprom.kz мәліметінде.
Өңірлер тұрғысында Батыс Қазақстан облысында 67 пайыз, Абай облысында 57,3 пайыз, Қостанай облысында 43,2 пайыз өсім байқалды.
Қазақстандағы өңірлер арасында тек Ұлытау (20,8 пайызға) және Алматы (3,9 пайызға) облыстарында билет арзандаған.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2023 жылы халықаралық жаңа рейстер ашылатынын хабарлады. Осыған дейін коронавирус індеті салдарынан бірқатар рейстер шектелген болатын. Қазіргі уақыта ішкі жолаушылар тасымалы бойынша бұрынғы кесте қалпына келтірілді.
Сонымен қатар 108 бағдар аясында 30 елге халықаралық рейстер де қайта қосылды.