Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте Қазақстанда 53 адам коронавирус жұқтырған. Қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
17 қаңтардағы жағдай бойынша 2 051 адам (-1 899+ және 152 КВИ-) коронавирустан емделіп жатыр. Оның ішінде 193 науқас стационарда, 1 858 адам амбулаториялық емде.
КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде:
• жағдайы ауыр – 10 науқас,
• өте ауыр жағдайда – 6 науқас,
• өкпені жасанды желдету аппаратында – 4 науқас жатыр.
Бір күн бұрын коронавирус инфекциясының 56 жағдайы тіркелген еді.