ҚР Туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев туризм саласын одан әрі дамыту мақсатында жыл басынан бері ведомствода жаңа бастамалар пысықталғанын жеткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұдан бөлек, әкімдіктерге елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында туристік инфрақұрылым салу бойынша заңнамалық құзыреттер беру бойынша жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі уақытта туристік дестинацияларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін инвестициялық штабтың уақытша шешімі шеңберінде ағымдағы жылдан бастап әкімдіктер туризм объектілеріне жер учаскелерін ұлттық парктер аумағына шығармай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
«Туристік маусымға дайындық туралы айтатын болсақ, инфрақұрылымды дамыту - бұл ең маңызды және бірінші кезең. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 131 млрд теңгеге 33 жоба аяқталды. Маңғыстау облысының «жылы жағажайына» инфрақұрылымды жеткізу бойынша бірқатар жоба аяқталды. Жақында ғана Алматы әуежайының жаңа терминалы ашылды. Жазғы маусымның басында Шымкент және Қызылорда қалаларындағы екі жаңа әуежай терминалының ашылуы күтілуде. Бұл жолаушылар ағынын едәуір арттырады және туристік дестинациялардың қолжетімділігіне оң әсер етеді», - деді спикер.