Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен вакциналауға қарсы көрсетілімдердің тізбесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құжат бойынша вакцина енгізуге қарсы көрсетілімдер мыналар:
1) вакцинаның қандай да бір компонентіне (белсенді заттарға, қосымша заттарға) аллергия немесе осы вакцинаны алдыңғы енгізуге аллергиялық реакциялар;
2) ауыр созылмалы аурулар немесе анамнездегі аса жоғары сезімталдық;
3) жоғары температура немесе вакцинаны бұлшықет ішіне енгізген кезде пайда болуы мүмкін қан кету тәуекеліне байланысты аурудың жіті фазасы;
4) жүктілік және лактация кезеңі;
5) 18-ге дейінгі жас.
Бас санитар қаулысында «вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар» ұғымына анықтама берілген.
«Вакцинациядан кейінгі ауыр асқынулар (анафилактикалық шок, ауыр жайылған аллергиялық реакциялар, құрысу синдромы, 40°С-тан жоғары температура)», - деп жазылған құжатта.