"Ecojer" қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығының Маңғыстау өңірлік экологиялық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кеңес отырысында алда тұрған міндеттер, атқарылатын жұмыс жоспары және өңірдегі экологиялық мәселелер сөз болды. Жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, көгалдандыру жұмыстары, тұрмыстық қатты қалдықтар, қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастамаларға қолдау көрсету және т.б. өзекті сұрақтар көтерілді.
Сонымен қатар, кеңес құрамы жаңа мүшелермен толықты. Атап айтқанда Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Есенқос Әділбаев, қоғам белсендісі, "Маңғыстау табиғаты" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жанпейіс Назарғали, "Табиғи орта" Батыс Қазақстан үкіметтік емес ұйымдары өңірлік ассоциациясы жанындағы биоресурстарды қорғау бойынша қоғамдық инспекция кеңесшісі Нұрлыхан Исмаилов, Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің эко-үйлестірушісі Бақытгүл Жақсылықова және Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің операциялық қызметтер басқармасының басшысы Нұрболат Батыков бар.
Сондай-ақ, 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін "Болашақтың бағдары - тұрақтылық" атты халықаралық Конгресске дайындық мәселелері пысықталды.