© Ақорда
Мемлекет басшысы коммуникация саласын келесі маңызды бағыт ретінде атады.
Бұл туралы бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитінде айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Бүгінде Каспий теңізінің түбімен талшықты-оптикалық кабель тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба елдеріміз арасындағы байланыстың сапалы болуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ аймақтың әлеуметтік-экономикалық өсіміне жағдай жасайды. Жасанды интеллект және спутник жүйесі сияқты озық технологияның әлеуеті де зор. Біз жасанды интеллект саласы кадрларын даярлау мәселесіне баса мән береміз. Осы ретте арнайы мектептер желісін құруды көздеп отырмыз. Ол әлемдегі озық компаниялардың платформасына негізделетін болады. Біз Орталық Азияда IT-стартаптармен айналысатын «Astana Hub» технопаркін құрдық. Баршаңызды осы хабтың әлеуетін пайдалануға шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.